Пәтуәлар

Ислам дінін қабылдау өте оңай.


Оған - арабша кәлима - шаһадат айту жеткілікті:
«Әшхәду әллә иләһә иллаллаһу, уа әшхәду әнна Мухаммадән әбдуху уа расулуһ».
 «Мен Алладан басқа ғибадат етуге лайықты жаратушының жоқтығына шәһадат (куәлік) етемін, мұны көргендей білемін және білдіремін. Және де Мұхаммед алейһиссалам Оның құлы, расулы және соңғы пайғамбары екендігіне шәһадат (куәлік) етемін.»

Исламға келген адамның бес нәрсеге иман келтіруі шарт. Олар мыналар:

 1. Алла жалғыз. Оның ешқандай серігі, ұлы немесе қызы жоқ. "Жалғыз" сөзінің толықтай барлық мағынасында. Және, басқа да жалған «монотеизм» нанымдары мен көпқұдайшылдардың сипаттамалары алынбайды.

 2. Мұхаммед Пайғамбар (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Алланың соңғы Елшісі және одан кейін ешқандай елші де, пайғамбар да болмайды.

 3. Қасиетті Құран Кәрім – Пайғамбарымызға (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Алланың жіберген соңғы шынайы және иләһи кітабы, ондағы жазылған әрбір сөз қалтқысыз шындық.

 4. Өлімнен кейінгі өмір - адамның фәни дүниедегі жақсы һәм жаман әрекеттері үшін өз сыбағасын алып, әрі қарай өмір сүретін мәңгілік өмір.

 5. Қасиетті Құран Кәрім мен Пайғамбардың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сөздері анық және айқын шындық.

 Егер адам осы шарттарды тілімен және жүрегімен қабылдаса – мұсылман болып саналады. «Мен Аллаға, Оның періштелеріне, Оның кітаптарына (Оның әуел баста пайғамбарларға түскен нұсқасында), Оның пайғамбарларына, ақырет күніне, өлімнен кейінгі өмірге және әрбір жақсылық пен жамандық тек Алладан екендігіне куәлік етемін».

 Кәлима шахадатты көбіне мешітте екі куәгердің қатысуымен айтады. Бірақ бұл заңдылық емес. Исламды адам жалғыз болып та қабылдауына болады. Былай айтқанда, егер сіз, Алланың жалғыз екеніне және Мұхаммед оның елшісі екендігіне сенсеңіз - сіз өзіңізді мұсылман санап, шаһадат айтсаңыз болады.

 Егер сіз Исламға басқа діннен келген болсаңыз, онда бұрынғы дініңіздің сенімдерінен толық арылуыңыз қажет. Мысалы, христиан адам, Иса пайғамбарды Құдай санайтын сенімді сіз мойындамауыңыз керек.

 Егер де сіз, асыл дініміздің барлық шарттарын орындауға дайын болмасаңыз, бұл сіздің Исламды қабылдауыңызға кедергі болмайды. Ең бастысы, исламның барлық шарттары заңды екенін мойындау, яғни, әрбір мұсылманға бес уақыт намаз оқу, және Рамазан айында ораза ұстау парыздығын мойындап, алкогольдік ішімдіктер мен доңыз етін пайдалану харам екендігін білу. Тіпті, (өкінішке орай) бұл шарттардың барлығын орындай алмайтын болсаңыз да, Исламды қабылдауды кейінге шегеру дұрыс емес.

 Күнәһар мұсылманнан гөрі, мұсылман болмау әлдеқайда жаман. Дегенмен де, Исламды қабылдау - жауапкершілікті талап ететін іс екенін ұғыну керек және бірінші күннен бастап діннің барлық талаптарын орындап, күнәлі іске бармау - өзіңіз үшін өте жақсы іс болмақ.

Дереккөз: darulfikr.ru «Расскажи мне об Исламе. Краткая энциклопедия для начинающих»


*(Суретте Үрімші қаласының орталық мешіті. "Ноғай" мешіті )


Комментариев нет