Пәтуәлар

Құран құндылығы жайлы 40 хадис. Жиырма сегізінші хадис


Жиырма сегізінші хадис 

Уасила, оған Алл разы болсын, жеткізгендей, Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деген: «Маған Таураттың орнына Саб`а (тууаль) берілді, Забурдың орнына Ми'ин, Інжілдің орнына Масани және арнайы мен үшін Муфассаль берілді».

Құранның алғашқы жеті сүресі «Тууаль» деп аталады, келесі 11 сүре – «Ми'ин», келесі 20 сүре – «Масани» және калған сүрелер «Муфассаль» деп аталады. Сүрелерді бөлудің бұл түрі ең танымал. Бірақ кейбір сүрелерге қатысты келіспеушіліктер бар: олар Тууальға жата ма, әлде Ми'инге, сондай-ақ, Масаниге не Муфассальге. Дегенмен, бұл келіспеушілік хадистің мағынасы мен мақсатына еш өзгеріс енгізбейді. Бұл хадисте мына туралы айтылған: бұдан алдын бізге белгілі қанша Кітаптар түскенімен, оларға ұқсасы Құранда бар және Муфассаль Құранның ерекшелігі – ол тәріздісі алдыңғы кітаптарда кездестірілмеген.

Дереккөз: askimam.ru
Аударған: darulahnaf.com

Комментариев нет