Пәтуәлар

Бұл күндерде жасалатын сүйікті амалдар


Парыз намаздарды жамағатпен оқуға жəне мешітке ертерек келуге əрекет жасау керек. Нəпіл намаздарды да көбейту керек. Өйткені бұл амалдар ең ұлы амалдар болып табылады. 

Ораза тұту аналарымыз Умму Салама немесе Хафсалардан (Алла ол екеуіне разы болсын) риуаят етіледі:" Нəби (оған Алланың игілігі мен сəлемі болсын): Зулхиджаның 9 кунінде жəне Ашура куні ораза тұтатын еді.

 عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رضي الله عنه عَنْ النَّبِيِّ صلى الله عليه وسلم قَالَ: مَا مِنْ أَيَّامٍ أَحَبُّ إِلَى اللَّهِ أَنْ يُتَعَبَّدَ لَهُ فِيهَا مِنْ عَشْرِ ذِي الْحِجَّةِ ، يَعْدِلُ صِيَامُ كُلِّ يَوْمٍ مِنْهَا بِصِيَامِ سَنَةٍ، وَقِيَامُ كُلِّ لَيْلَةٍ مِنْهَا بِقِيَامِ لَيْلَةِ الْقَدْرِ. 

Əбу Хурайрадан (Алла оған разы болсын) риуаят етіледі: Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сəлемі болсын): Алла үшін Зулхиджаның 10 күніндей оған ғибадат ететіндей сүйікті күн жоқ. Олардың бір күндік оразасы бір жылдық оразаға тең. Олардың бір кешін ұйқысыз өткізу, Қадір түнін өткізумен тең - дейді. (Тирмизи риуаяты). 

Арафа күнінің оразасы. 

Əбу Қатададан (Алла оған разы болсын) риуаят етіледі: Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сəлемі болсын): Арафа күнінің оразасы алдыңғы жыл жəне одан кейінгі жылдың каффараты болуына Алладан үміт етемін" - деген. (Яғни, келесі жыл күнə жасаудан сақтап тұрады, келесі жыл үшін де каффарат болады немесе сондай үлкен сауап болуына, келесі жыл каффараты үшін де жетеді деген). 

Тəкбир , тахлил жане тахмид айтылуы. 

Имам Бухари (Алла оны рақымына бөлесін) айтады: Ибн Омар жане Əбу Хурайралар (Алла ол екеуіне разы болсын) бұл 10 күнде базарға шығып тəкбир айтатын еді. Олардың тəкбирі себебінен адамдарда тəкбир айтатын еді. Бұндай ұмытылып бара жатқан сүннет амалдарды тірілту біз үшін лайықтырақ. 

Сахабалар жəне табиғиндерден тəкбирдің көп турлери жетип келген: 

 1. Аллаху акбар, Аллаху акбар, Аллаху акбару кабиро. 
 2. Аллаху акбар, Аллаху акбар, лаа илаха иллаллоху уаллоху акбар уа лиллахи хамд. 
 3. Аллаху акбар, Аллаху акбар, лаа илаха иллаллоху уаллаху акбару уа лиллахил хамд. 

 Алла Тағаланы көбірек зікір ету. 

Алла Тағаланы зікір ету адамның жүрегіне тыныштық сыйлайды.

 وعن أبي موسى رضي الله عنه قال: قال النبي صلى الله عليه وسلم: مثل الذي يذكر ربه والذي لا يذكر ربه مثل الحي والميت. رواه البخاري 

Əбу Мусадан (Алла оған разы болсын) риуаят етіледі" Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сəлемі болсын): Раббысын зікір ететін жəне Раббысын зікір етпейтіннің мысалы, тірі мен өлінің мысалына тең" - деді. Сол үшін бұл күндерде Алла Тағаланы зікір етіп, Алла Тағаладан дүниелік жəне ақыреттік нəрселерді сұрап дұға ету керек. 

 Шынайы тəубе ету. 

Неге десеңіз тəубеде адамның тілеуі бар. " Әй мүміндер, түгел Аллаға тәубе қылыңдар! Әрине құтыларсыңдар." 
(Нұр сүресі, 31аят). 

 Күнəлардан алыстау. 

Күнəлардан əрқашан алыстау керек, əсіресе бұл күндері. Өйткені бұл ұлы күндерді құрметтемей күнә жасаудың жазасы, басқа күндерге қарағанда ауыр болады. 

 Жақсылық жасау жəне садақа беру. 

Сауап көбірек берілетін күндерді ғанимет біліп жақсылықтарды көбейту керек. Əрқашан, əсіресе бұл күндері Алла жолында мал-дүниесін жұмсау өте сауапты іс. "Әрине Алланың Кітабын оқып, намазды толық орындағандар және өздеріне берген несібемізден көрнеу, көмес түрде тиісті орынға жұмсағандар, еш түгемейтін бір сауда (сауап) үміт ете алады." 
(Фатыр сүресі, 29 аят).

 وعن أبي هريرة - رضي الله عنه - قال: جاء رجل إلى النبي صلى الله عليه وسلم فقال: يا رسول الله، أي الصدقة أعظم أجرا؟ قال: أن تصدق وأنت صحيح شحيح، تخشى الفقر وتأمل الغنى، ولا تمهل حتى إذا بلغت الحلقوم، قلت: لفلان كذا، ولفلان كذا، وقد كان لفلان. متفق عليه 

Əбу Хурайрадан (Алла оған разы болсын) риуаят етіледі: Бір кісі Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сəлемі болсын) келіп: - Иә, Расулуллах! Қандай сауаптың салмағы көбірек? -деп сұрады. Сонда Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сəлемі болсын) : Өзінің денсаулығы жақсы кезінде, кедей болып қалудан қорқып, байлықты армандап, (жаның) алқымға келіп анаған осынша, мынаған осынша деп кешіктірмей садақа жасауың, өйткені ол (яғни , жаның алқымға келген) уақытта малың (сенің ықтиярыңнан шығып) пəленшенің малы болады - деді. ( Муттафақун алейһ).


Дереккөз: islom.uz 
Дайындаған: darulahnaf.com