Пәтуәлар

Бокс және сол сияқты спорт түрлері жайында.


1) Сұрақ:
 Басымызға шлем киіп, бауырларымызбен денсаулығымыздың қамы үшін бокспен айналысамыз. Қорғау үшін бас шлемін киіп басқа ұрсақ болады ма? (Мәскеу Ресей).

Жауап: 
 Аса Қамқор, Ерекше Рақымды Алланың атымен!
 Әс-сәләму ғәлайкум уа рахматуллахи уа баракатух!

 Спорттық ойын ретінде бокспен шұғылдануға келесі жағдайларда ғана болады:
 а) Беттен ұруға болмайды. Хадисте Алла елшісі (саллаллаһу алайхи уа саллам) айтқан:
 إذا قاتل أحدكم فليجتنب الوجه 
 «Төбелессеңдер, беттен ұрудан сақтаныңдар» 
 (Сахих Əл-Бухари, хадис 2599, жеткен: Әбу Хурайрадан)

 ə) Спорт намаздан немесе басқа шариғи міндеттерден тоспауы керек жəне əурет ашылмауына (хижабсыз жүру əйелдерге, тізеден жоғары шорти киюге еркектерге мүлде рұқсат жоқ) мəн беру керек.

 б) Спорттық ойындар тек қосымша жұмыс ретінде ғана қаралуы тиіс.

 в) Денсаулыққа зиян болмауы тиіс. Сондықтан, шлем киіп алсаңыз төбелесулеріңізге болады тек беттен əрі қатты соққы жасаудан сақтану керек.

 Ал Алла жақсырақ білуші.
 Уассалам.

 Муфти Сухайл Тармахомед
 Жамият-ул Улама, Дарул-Ифта.



 2) Сұрақ: 
 Шейх, ассаламу алейкум. Беттен рұқсат емес, яғни бет шлеммен жабық тұрса ұруға болады ғой? Бастан ұруға болады, хадиске қарасақ? (Мәскеу Ресей)

 Жауап: 
 Аса Қамқор, Ерекше Рақымды Алланың атымен!
 Әс-сәләму ғәлайкум уа рахматуллахи уа баракатух!

 Егер бас шлеммен қорғаулы болса, қорғалған жерден ұрса болады. Хадисте бет айтылған, сондықтан бастың барлық жері тыйым салынған жерге кірмейді. Бірақ, соққан кезде жарақат немесе деформация болмайтындай етіп ұру керек.

 Ал Алла жақсырақ білуші.
 Уассалам.

 Муфтий Сухайл Тармахомед
 Жамият-ул Улама, Дарул-Ифта.

Дереккөз: askimam.ru 
Дайындаған: darulahnaf.com

Комментариев нет