Пәтуәлар

Тағамды тұзбен бастап және тұзбен аяқтау абзал ма?


Сұрақ: 
 Кейбір адамдар тамақтан алдын және кейін бір шымшым тұз жейді. Осының Шариғатта негізі бар ма? Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабалары осылай жасаған ба?

Жауап: 
 Мына өмірде барлығына, ал келесі өмірде (ахиретте) тек иман келтіргендерге ғана аса Мейірімді болған Алланың атымен бастаймын.

 Ханафи мәзхабының беделді кітаптарында тамақты тұзбен бастап, тұзбен аяқтау мустахабб екендігі келеді жəне де медицина тұрғысынан да пайдалы екендігі айтылған. Ұлы ханафи фақиһы имам Ибн 'Абидин (оны Алла рақым етсін) айтады:
 «Тамақты тұзбен бастап, тұзбен аяқтау сүннет болып табылады; мұнда жетпіс аурудың емі бар.» («Радд әл-Мухтар ’алә ад-Дурр әл-Мухтар», 6/340) 

Сондай-ақ «әл-Мухит әл-Бурхани» (5/204), «әл-Бахр ар-Раик» (8/209) жəне «әл-Фатауа әл-Хиндийя» (5/337) кітаптарында да осылай келеді. Имам әл-Ғазали өзінің атақты кітабы «Ихья ’Улюм ад-Динде» де осылай деп келтіреді.

 Хаким әл-Умма Мəулəна Ашраф Əли Санауи (оны Алла рақым етсін) «Имдад әл-Фатауа» атты фатауалар жинағында жазады, соған қарамастан бұл амал үшін негіз бола алатындай Алланың елшісінен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жеткен ешқандай ашық хадис жоқ жəне оған (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тиесілі болған мына риуаят: «Әй Əли! Тамақты тұзбен бастап, тұзбен аяқта, ақиқатында тұз — жетпіс аурудың емі. Оның ішінде — ақылынан адасу, алапес, іш жəне тіс аурулары бар.» — дегенді көптеген мухаддистер ойдан шығарылған деп баға берген (мауду’) — дегенмен тамақты тұзбен бастап, тұзбен аяқтау түбегейлі негізсіз бола алмайды, оған мына екі себеп бар:

 Біріншіден, имам әл-Байхаки «Шу’аб әл-Иман» да жеткізеді, біздің мырзамыз Əли (оған Алла разы болсын) айтты: «Кімде-кім тағамын тұзбен бастаса, оны Аллаһ жетпіс түрлі дерттен тазалайды.» Имам әл-Ғазали (оны Алла рақым етсін) мұны өзінің «Ихья Улюм ад-Динінде» де мырзамыз Əлиден (Алла оған разы болсын) жеткізеді жəне «Ихьяны» шархтаушы алляма Муртаза аз-Забиди имам әл-Байхакидің «Шу’аб әл-иманына» сілтеме жасай отырып бұл риуаятты ойдан шығарылған демейді. Осылайша бұл хабар маукуф болады (бұл Алла елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабасына жететін хабар, бірақ хабарда пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің сөзі болуы шарт емес, бұл амалдың кейбір негіздері бар екендігін көрсетеді.)

 Екіншіден, Ибн Маджа, имам ат-Табарани жəне басқаларынан риуаят етілетін басқа сахих хадис бар. Біздің мырзамыз Əнəс ибн Малик (Алла оған разы болсын) Алла елшісінен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жеткізеді:
 «Дәмдеуіштердің ең жақсысы — тұз.» (Сунан Ибн Маджа, № 3315)

 Хадисте тұздың жақсы сипатын сипаттау үшін «саййид» (мырза, басшы) сөзі қолданылды, ал «басшылық» осыған қарап тұзды тағамның басында жəне соңында жейді деп шамалайды. Мəулəнə ас-Санауи ары қарай жазады, тағамды тұзбен бастап, тұзбен аяқтау əдеті дəл осы жерден келген болуы мүмкін дейді. Соған қарамастан ол - бұл əдет діннің қатып қалған үкімі деп қабылдауға болмайды, бірақ, құптарлық амал дейді. (Қараңыз: «Имдад әл-Фатауа», 4/111-113)

 Қортындылайық: тұзды тағамның басында жəне соңында қолдану бұл қатаң түрде бекітілген сүннет деп есептеудің қажеті жоқ, сондықтан бұл мəселеге шамадан тыс уақыт бөліп керек емес. Дегенмен, бұл əдеттің Шариғатымызда негізі жоқ деп есептеуге де болмайды. Тұзды тамақтан алдын жəне кейін жеуді талап ету дұрыс болмайды, сол сияқты керісінше — бұлай жасаған адамды да айыптау дұрыс емес. Егер тұз үстел басында болса, классикалық ханафи фақиһтары мақтаулы деп есептегеніне сүйене отырып тамақты тұзбен бастап, тұзбен аяқтауға болады. Дегенмен де, егер тұз үстелде жоқ болса оны барып сұраудың қажеті жоқ. Бұл орта ұстаным, ин шаа Алла, əдеттегідей ең абзал жол — орта жол.

Ал, Алла жақсырақ біледі.

 Муфти Мухаммад ибн Адам әл-Каусари 
 Дереккөзі: darulfikr.ru

Комментариев нет