Пәтуәлар

Күйеуімнің туысы қонаққа келді, не істеуім керек?


Сұрақ: 
 Менің сұрағым қонағым жайлы еді. Өзімнің құқықтарымды білейін деп едім. Күйеумнің туысы қонаққа белгілі бір уақытқа келген еді. Күйеуім жұмысқа кеткенде, бұл ер кісімен жалғыз қаламын... және бұның жақсы емес екенін жақсы түсінемін. Оның үстіне, қонағымыздың қашан кететіні жайлы айтпайтыны мені алаңдатады. Не істеуім керек?

Жауап: 
 Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

 Алдымен махрам емеспен оңаша қалу шариғатымызда түбегейлі тыйым салынғанын айтайық, бұл бүліктің есігін ашып беру және шайтанның жұмысын жеңілдетіп береді. Әйел мен ер адам оңашада қалса, үшінші адамның араларына кіруі қиын болып, шайтан үшіншісі болып келеді. Бұл жайында сахих хадистер жинағында келтірілген.

 Сондықтан сізге бұл еркекпен оңаша қалуға рұқсат жоқ. Сіздің күйеуіңіз таң атқаннан кешке дейін қайтып келмейді, демек, қонақпен оңаша қалу тыйым салынған және күнә болып есептеледі. Сондықтан, сіз күйеуіңізге түсіндіруіңіз керек, және бұл жайында қонаққа да жеткізу керек. Ғұламалардын айтуы бойынша, барлығы қауіпсіздық үшін.

 Қонақтың белгісіз уақытқа қалу жайында айта кетсек, сіздің сұрағыңызда жазылғандай сізге қиын екенін жұмсақ әрі сыпайы түрде оған білдіріңіз.

Әбу Шурайх әл-Ка’бидың (Алла оған разы болсын) риуаяты бойынша, Алланың елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Кімде-кім Аллаға, ақырет күнінен иман келтірсе, қонағының сыйын жақсылап берсін. Қонағының сыйы – бір күн және түн. Қонақ ету үш күн, одан асқаны үй иесінің садақасы. және қонақ үй иесіне қиыншылық туғызатындай ұзақ уақыт қалуына рұқсат етілмейді»
 («Сахих» әл-Бухари және «Сахих» Муслим. "Мишкат әл-масабих", № 4244).

 Осылайша, қонақтын тек үш күнге ғана қалуына құқығы бар, бірақ осыдан кейін сіздің жұмсақ әрі көркем түрде кетуін жайлы сұрауыңызға толық құқылысыз. Әйтсе де, бұнның бәрін күйеуіңізбен ақылдаса шешкеніңіз дұрыс. Бірінші кезекте, оның жұмыс уақытында қонақпен жалғыз қалуыңызға болмайтынын жайлы айту керек. Содан кейін, қазір қиын жағдайда екеніңізді айтыңыз, сөйтіп қонақтың көңіліне тимейтіндей етіп бірге шешім қабылдауға тырысыңыздар. Алла Тағала істеріңізге жеңілдік нәсіп етсін. ИншәАлла.

 Алла Тағала жақсырақ білуші.

Муфти Мухаммад ибн Адам әл-Каусари 
Дереккөз: annisa-today.ru

Комментариев нет