Пәтуәлар

Жұма мүбәрәк болсын деп айту бидғат па?


Сұрақ: 
Жұма күні келгенде «жұма мүбәрәк» – болсын деп құттықтау бидғат па?

Жауап: 
 Осы дүниеде бүкіл адамзатқа мейірімді, ал арғы дүниеде иман келтіргендерге ғана ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. Әссаляму алейкум уа рахматуллахи уа баракатух. 

Жұма – расында да мүбәрәк (яғни, қасиетті). Жұма күнінің ерекшелегі жайлы бізге көптеген хадистер жеткен.

 Егер мұсылман жұма күні тірі болса және осы күннің нығыметі мен ерекшелігін сезінсе онда ол бақытты адам. Егер бір адам екінші бір адамды «Жұма мүбәрәк» сөзімен құттықтаса, бұл жәй ғана белгілі болған хабарды растағаны. Бірақ бізге мәлім хадистерден Пайғамбарымыз (оған игілік пен сәлем болсын) және оның сахабаларының ешбірі бір-бірін қасиетті жұмамен құттықтамаған.

 Сондықтан, егер адам «жұма мүбәрәк болсын» және т.б жұмамен құттықтауды сүннет немесе міндет деп санамаса, онда оған жұма мүбәрәк деп айтуға рұқсат.

 Алла Тағала жақсырақ білуші

Муфти Ибрахим Десаи әл-Ханафи мақұлдап растаған.

Дереккөз: idealwoman.org 
Орыс тіліне аударған: annisa-today.ru

Комментариев нет