Пәтуәлар

Шейх Саид Фуда: Таухидтың маңызды қыры


Таухид Әр-Рубубия (биліктегі, басқарудағы таухид) және Әл-Улюхия (құлшылықтағы таухид). Таухидті Әр-Рубубия мен Әл-Улюхия деп бөлу… Бір бауырымыз барлық мушриктер (әр-рубубия таухидын) мойындайды деп айтыпты мыс.

Барлық мушриктер әр-рубубия таухидын мойындайды деген не білдіретінін сен білесің бе? Сен әр-рубубияның мағынасы туралы хабардарсын ба?

Әр-рубубия, бауырым, тек барлық жаратқандарына билігін жүргізетін затқа ғана тиесілі бола алады.

Таухид ар-рубубия өз жаратылыстардың жалғыз билеушісі болмаған заттың ерекшелігі бола алмайды.

Сондықтан да, Алла, Субханаһу уә Тағала, Құранның мәні болған Фатиха сүресінде:  الْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ  «Әлемдердің Раббысы Аллаға мадақ» деді. Яғни, Алла Субханаһу уә Тағаладан, басқа ешбір Құдай жоқ.

Мушриктерді қалай таухид әр-рубубияны мойындайды деуге болады, егер таухид рубубия бұл басқарудағы таухидпен (таухид әт-тадбир), Алланы жалғыз билеуші деп мойындау таухидымен тығыз байланысты болса?

Көпқұдайшылар (мушриктер) басқаруға (тадбир) қатысты да ширк жасады ғой. Олардың қатарынан сен атап өткен хадистегі 'Адия ибн Хатимның қауымы, одан Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сұраған: «Оларға тиым салынғанға рұқсат беріп кейін оны өздеріне де адал етпеді ме және оларға рұқсат етілгенге тиым салып кейін оны өздеріне де арам етпеді ме?». Ол "иә" деді. «Бұл олардың соларға болған табынудың өзі» деді Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын. «Бұл олардың соларға болған табынудың өзі»

Табыну сөзінің бұл жердегі мағынасы мынадай, шіркеу басшылары бір нәрсеге рұқсат беріп, басқа нәрселерге тыйым салған, ал [әлденені немесе әлденеге] тыйым және рұқсат беру  — Алланың айрықша құқығы.

Сондықтан әһли сунна [ғұламалар] айтты: «Қандайда бір заңға [құқық] тек Аллаға тиесілі». Сонда, бұл шіркеу басшылары Алланың меншігі болған нәрселерде өздерін серіктес қыла бастады, біз қазір заң [хукм] жайында айтып тұрмыз. Заң. Әлдебір заңға құқық Аллаға ғана тән. Бірақ олар өздеріне заң ойлап тапты, яғни олар өздерін қаулы шығаратын орган санап және оны арттарынан ергендерге міндеттейді.

Демек, олар Алламен Оның Субханаһу уә Тағала бір сипатында серіктес болды . «Жәнеде бұл олардың соларға болған табынудың өзі»

Және бұл осы сұрақтың жауабы болып табылады. Және олар міндетті түрде жаратушы болу тиіс деп ойлау қате болады.

Алайда, Алламен қатар, немесе Аллаға ғана тән сипатында, немесе бір ісінде болсын, серіктес болу, немесе соған дәмелену, мысалы: жоқтан бар ету, өзіне немесе басқаларға үкім бекіту. Міне, Алламен қатар осы істерге қатысуды кім мойнына алса ол нағыз мушрик. Нағыз мушрик (пұтқа табынушы).

[Мушрик - бұл] тек ширкті (бұл сөздің кең таралған мағынасындағы) ғана істейтін адам емес. Сондықтан әһли сунна ғұламалары айтты: «Қандайда бір заңға [құқық] Аллаға ғана тән». Бұл дәлелдеуді қажет етпейтін нәрсе. әл-Кәләм ғылымының кітаптарында бұл көрсетілген. Жәнеде усул фиқһ ғылымының кітаптарында көрсетілген бірінші ереже бұл: «Қандайда бір заңға [құқық] Аллаға ғана тән».

«Қандайда бір заңға [құқық] Аллаға ғана тән».

Бұл нені білдіреді? Бұл Алладан басқа заң орнатушының бар болуы мүмкін емес екенін білдіреді. Сондықтан да, біз зайырлы құқықты мойындамаймыз. Себебі, зайырлы құқықтың орнатушысы - адам баласы.

Алла Субханаһу уә Тағаладан келген нәрсеге негізделмеген, әлдебіреуге міндеттелген қандайда бір заң болмау тиіс. Ал Алла Субханаһу уә Тағала жақсырақ біледі.

Дереккөз: garib.ru
Дайындаған: darulahnaf.com



Комментариев нет