Пәтуәлар

Кім дінді арзан бағаға сатып жатыр?


Автор: Шейх Саид Фуда 
Кітап: Дуруру самин 


 Мұсылман адам бүкіл тыйым салынған нәрселерге назар аударуы және өзгелерді одан бас тартуға шақыруы тиіс! Оған бір нәрсемен қатып қалу және өзге де маңызды қауіпсіздікті талап ететін тақырыптарды қозғамауы рұқсат етілмейді.

 Оған тек зиярат, тауассул мәселелерін ғана қозғау және бұлардың бәрін ширк, бидғат дегендермен айтыса беру, сонымен қатар, пара, зинаның таралғандығы, арақ-шараптың көп ішіліп жатқандығы, әйелдердің жеңілтектікпен айналысып жатқандығы жайлы тіс жармау рұқсат емес. Сондай-ақ, мұсылман адамға адамдар шығарған заңмен әрекет жасайтын, шариғатты тастап қойып, адамдарға шариғатта жоқ міндетті жүктейтін біреудің қолшоқпарларына назар аудармау рұқсат етілмейді.

 Қатаң пікірлерді ұстанушы патшаларды белгілі бір мөлшерде сөкпейді ме, қашан олардың заңын ұстанушыларды Алла Тағала Құран Кәрімде кәпір, залым, пасық деп сипаттап тұрса? Бірақ жоқ... Олар оны қалай сөксін, егер сол үшін ол айлығынан айырылатын болса, тіпті, абақтыға түсетін болса? Қатаң пікірді ұстанушы адам бұл шындықты көрмей тұрған кейіп танытады, тіпті, ол бұл қалада мүлдем жоқ сияқты және ол өзінде бұл ілімді өзгелерге тарату міндеті жатқандығын байқамайды да. Неге? Өйткені, бұлай мал-мүлкіңнен айырыласың немесе түрмеге түсесің.

 Алайда ол зиярат, тауассул жайлы әңгіме қозғалса, өз қарсыластарын аямай сөгеді, өйткені бұл үшін ақшаңнан айырылмайсың және бұндай сөздер үшін сенің қолыңнан сүйіп, үйіңе дейін құрметпен алып барып тастайды. Дінді арзан бағаға сату деген - міне осы!

Дереккөз: darulfikr.ru
Аударған: darulahnaf.com

Комментариев нет