Пәтуәлар

Маңызды аят.


Алла Тағала Құранда былай деп айтады:

 وَلَا يَزَالُونَ يُقَاتِلُونَكُمْ حَتَّىٰ يَرُدُّوكُمْ عَن دِينِكُمْ إِنِ اسْتَطَاعُوا 
 «... Егер олардың шамалары келсе, сендерді діңдеріңнен қайтарғанға дейін өздеріңмен соғысуды үзбейді. ...» [Бақара 2/217 аят.]



Қади әл-Байдауи (600-685 һ.ж./1203-1286 м.ж.), Алла оны рақым етсін, аятқа қатысты былай деді:

 إخبار عن دوام عداوة الكفار لهم وإنهم لا ينفكون عنها حتى يردوهم عن دينهم 
«Бұл аят имансыздар (кәпірлер) мұсылмандарға қатысты мәңгі дұшпан болатынын хабарлайды және олар мұсылмандарды діндерінен (Исламнан) қайтармайынша ешқашан жәйіна қалдырмайды». [Дереккөз: Қади әл-Байдауи, «Ануар уә Танзил уә Исрар әт-Т`ауил».]

Сондықтан біздер дұрыс ақиданы нық ұстанып және мынаны сезіну керекпіз, олар «куффарлар» бізді діннен және дұрыс ақидамыздан қайтарғылары келетінін ұмытпау керекпіз.

Әрі қарай тағыда Алла Тағала сол аяттың жалғасында былай деп айтады:

 وَمَن يَرْتَدِدْ مِنكُمْ عَن دِينِهِ فَيَمُتْ وَهُوَ كَافِرٌ فَأُولَـٰئِكَ حَبِطَتْ أَعْمَالُهُمْ فِي الدُّنْيَا وَالْآخِرَةِ وَأُولَـٰئِكَ أَصْحَابُ النَّارِ هُمْ فِيهَا خَالِدُونَ 
«Сендерден кім діннен қайтып, ол кәпір күйінде өлсе, олардың амалдары дүние, ақыретте де жойылып және олар тозақтық болып, олар онда мәңгі қалады». [Бақара 2/217 аят.]

 Бұл қатал ескерту – имансыздардың айласына беріліп және Исламнан қайтқандарға әрі сол қалпында өлгендерге айтылған. Алла Тағала баршамызды бұдан сақтасын.

 Алла Тағала: «олар тозақтық болып, олар онда мәңгі қалады», деген сөздерге қатысты,
Қади әл-Байдауи былай деп айтады:
  كسائر الكفرة  
«Яғни, басқа кәпірлер сияқты болады». 

 Сондықтан мұсылмандарға имансыздардың қулық және айла мақсаттарынан қорғану үшін, «сақтану механизм» принципі бұл – «әл-уәля уәл-бараа» (достық және алшақтық) және «имансыздарға ұқсаудан сақтану» болып табылады.

 Ұстаз Әбу Әли әл-Әшғари хафизахулла

Дереккөз: abu-ali-ashari.livejournal.com/5803.html
Дайындаға: darulahnaf.com

Комментариев нет