Пәтуәлар

Риба - өсімқорлық %


Сұрақ: 

Әссәләму ғалейкум. 
Мен банктен ақша алайын дегем, себебі үйдегілерге жәрдем беру керек болып жатыр. Бұл шариятқа тура келмейтінін білемін. Неге шарият бұған тиым салған? Себебін кеңірек түсіндіріп берсеңіз.

Жауап: 

Уағалейкум сәләм уа рахматуЛла. 
Негізінде тиым салынған нәрсені неге тиым салынған деп сұрауға болмайды. Біз Алла Тағаланың бұйрықтарын неменеге бұлай, неге андай деп сұрамастан оны атқаруымыз керек. Алла Тағала өсімқорлықты тиым салғандығының өзі бізге жеткілікті болуы керек. Алла Тағала бір нәрсені жөннен - жөн бұйырмайды.

Бұның қандай хикметі бар? Харам болғанының себебі риба (өсім) экономикаға, қоғамға және адамдардың моральдік тіректеріне үлкен зиян алып келеді. Өсімқорлық - бұл тұзақ (қақпан) Өсімқорлық ақшадан ақша өндіру түсінігіне жақын система болып, ақшаға мұқтаж не қарыз іздеген адамдар үшін өзінше бір тұзақтың бір түрі. Бүгінгі күні банктер және ақшасы бар адамдар кредит беру менен кедейлерді өсімқорлықтың балшығына батырған жағдайлар көп кездеседі. Өсімнің сыртқы көрінісі пайдалы нәрсе сияқты көрінсе де, белгілі уақыттың өтуі менен қарыз алған кісі қарызын төлеу үшін мал - мүлкінен, онымен қоймай тұрып жатқан үйінен де айырылып қалу қорқынышы болады. Ислам дінінің өсімқорлыққа қарсы шығуының сыры күнәсіз адамдарды білінбейтін көрінбейтін тұзақтардан құтқару. Себебі Ислам діні " зияныңды тигізбе, зиян да көрме - деген принципті көздейді. 

Өсімқорлық жұмысқа және инвестицияға тосқауыл болады. Өсімқорлық ақшадан - ақша табу болғандықтан еңбек қылу, жұмыс және маңдай тер менен еш байланысы жоқ. Бұл системадан бір, не, бірнеше адам ғана пайда көреді. Мұның бір айлық, бір жұмалық, бір күндік одан қалса бір сағаттық сияқты белгіленген минуттары бар. Адмдар алған ақшасын осы минуттарда пайызын менен төлеуі керек. Сөйтіп қоғамда қарыз бергендер, және қарыз алғандар болып екі топ пайда болады. Қарыздылар төлей алмаған бір тиыны үшін көптеген ақша беруге мәжбүр болады.

 Өсімқорлың елдің егеменділігіне қорқыныш туғызады. Бұл система менен экономиканы дамытуға әрекет жасаған өлкелер банкротқа ұшыраған тұстары көп кездеседі. Сүтқорлықта бір, не, бірнеше адам ғана пайда табады. Мұнысы аз болып, төлей алмаған қарыздарының үстіне ақша қосылып қарыздары тағы көбейеді. Бұл нәрсе мемлекет экономикасына теріс әсерін тигізбей қоймайды. Мұндай жағдайда экономикалық және саяси күші төмен елдер банктерден қарызға ақша алады. Сөйтіп ол өлке Өсімқорларға қарыз болғандардың тізіміне кіреді. Қарызын төлей алмаған сайын қарызы көбейе береді. Міне осындай жол менен банктер мемлекеттің саясатына араласып, өз интерестарын жүзеге асыра бастайды. Өсімқорлықтың

Исламдағы үкімі - ХАРАМ
АЛЛА Тағала Құранда айтады: Алла өсімқорлықты (пайдасын) жоғалтады және садақаларды пайдалы қылады. Алла әр бір күнәһар кәпірлерді сүймейді. (Бақара сүресі 276)

 Жоғарыдан қарағанда өсімқорлық (процент) пайдалыдай, ал енді садақа беру үлкен шығын сияқты көрінеді. Шын мәнінде жағдай керісінше. Садақа берген өсіп - өніп береке табады, рибадан (өсім) пайда табамын дегендер көп мақсаттарына жете алмайды.

 О имам келтіргендер! Алладан қорқыңдар, және егер мумин болсаңдар, (бұрын алып жүрген) сүтқорлықтан болған пайданы алмаңдар. Егер олай істемесеңдер, Алла және Елшісі тарпынан сендерге қарсы соғысты біліп қойыңдар. (Бақара сүресі 278 - 279).

 Имам Шаф'и айтады: "Мен Құранды оқып шығып осы аяттан қорқынышты аят таппадым. Себебі бұған Алла Тағала және Оның Елшісі ﷺ соғыс жариялап жатпайдыма".

 Алланың Елшісі ﷺ : өсім бергенге, алғанға, және оларға куә болғандарға Алланың ләғінеті (қарғысы) болсын, үшеунің күнәсі тең бірдей. (Муслим)

 ЛаънатУллаһ - Алланың ләғінеті, бұл деген дүние және ақыретте еш жақсылыққа жолықпай, әрдайым қиыншылық, және азаптың алдында жүреді дегені. Оның қарама қарсы мағынасы РахматУлладан ( Алланың рахметі мен мейірімінен) құр қалады дегені. Бұдан тыс көптеген аят - хадистерде рибаның дүние - ақиреттегі зияны баяндалған. Ақылы бар адамға бір рет айтсаң жетеді, ақыл есі жоқ санасы тар иплас адамға мың рет айтсаңда жетпейді.

 Шейх Чубак Қажы Жалилов (хафизаһуллаһ)

Дереккөз: Nasaat Media
Дайындаған: Darulahnaf.com