Пәтуәлар

Уаххабилер нені жасырады


Имам Хафиз Мухаммад ибн Ахмад ас-Саффарини әл-Ханбали әл-Асари (1114 – 1188 һ.ж.) өз заманындағы ханбалилердің Имамы еді. Ол Мухаммад Ибн Абдул-Уаххабтың құрдасы (одан бір жас үлкен) болған. Имам ас-Саффарини уаххабиледің имамына адасқан және адастырушы ақымақ деп баға берген.


Мухаммад Ибн Абдул-Уаххабтан сақтандырған Хафиз ас-Саффарини әл-Ханбалиді Алла рақым етсін! «Ибн Абдул-Уаххабтың талап қоюы — мужтаһидтың талап қоюы болып табылады ма?» деген сұраққа имам былай деп жауап қайтарған:
«Иә, ол шариғатты жоюдағы және мұсылманға тән болған қылмыстарды жасаудағы мужтахид. Біздің заманымызда ол сияқты дәрежедегі адамның ижтиһатқа дәмеленуі, Мусайлима әл-Кәззәб, әл-Әнси, Сәджәһ және сол сияқты жалған пайғамбарлардың пайғамбарлыққа дәмелену тәріздес.

Ибн Абдул-Уаххаб — бұл адам адасқан және басқаларды адастырушы екенін біз анық білеміз. Себебі ол адамда ижтиһад қылу тәсілдері жайында білімі жоқ. Оны және ол сияқты адамды көпшілік алдында басқаларды және өзін түзету үшін үлгі болатын жазаға тарту қажет, әсіресе оның осы Үммет сәләфтарымен нышандарына тіл тигізгені үшін.

Әрбір имам және фақиһ (мұсылмандарды) осы адасқан және адастырушы ақымақтан сақтандыру керек».

Имам ас-Саффарини тағы былай деген: «Керісінше, қазіргі уақытта жердің әрбір бұрышында Исламның төрт имамының біреуіне еру керек. Ал кімде кім (төрт мәзхабтың біріне) еруді тыйса, онда ол бидғатшы, тіпті зындық болып табылады. Лә Хәулә уә лә Қууәтә Иллә биЛләһ».

Дереккөз: «Әл-Әджуибату-н-Надждийя `ан Әсъиләти-н-Надждийя» 128-129 бет

Аудармашы: Абдулхалим Абдулкаримов 
Дайындаған: darulahnaf.com


Комментариев нет