Пәтуәлар

"Мәтәғул ғурур" Алла Тағала бұл өмірді неге теңеді?


Біздің сеніміміз, дініміз бойынша құдайсыздардың дініндегідей емес, адам баласы мәңгі өмір сүреді. Құдайсыздардың, өзінің құмарлығының құлы болғандардың дініндегі сенім ол тек осы Алла Тағала дүние өмірі деп атады ғой, дүние өмірі деген ол төменгі өмір деген сөз, төменгі өмір яғни ешнәрсеге арзымайтын өмір. Оны керек болса Құранда Алла Тағала "мәтәғул ғурур" деп атайды.

Имам әш-Шафиғи, рахматуллахи ғәлейхи, осы "мәтәғул ғурур" дегеннің мағынасын бірнеше уақыттарға дейін нақтысын білмей жүреді екен. Алла Тағала Құранды араб тілінде түсірді, сонымен бірге сол Құран түскен уақытта арабтар қалай сөздерді қолданатын болса, қалай сөздерді пайдаланатын, сөйлемдері құрайтын болса, соған ұқсатып түсірді. Себебі, сол кездегі арабтар, Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, дәуіріндегі арабар тез түсіну үшін.

Имам әш-Шафиғи бәдәуи арабтардың ауылында болады. Сол кезде, бір әйелдің қызына айтып жатқанын естиді. Қызына тапсырма беріп жатыр: "қызым анау үйдің бір бұрышындағы қыстырылып қойған "мәтәғул ғурурды" апарып қоқысқа таста" дейді. Алла Тағала бұл дүниені "мәтәғул ғурур" деп атады ғой, "мәтәғул ғурур" яғни, уақытша ғана, алдамшы өмір, алдамшы сондай бір кезең деп өте төмен бағалады. Ал бірақ жаңағы бәдәуидің әйелі қызына не тапсырма беріп жатыр, анау "мәтәғул ғурурды" қоқысқа апарып таста дейді. Сол кезде Имам әш-Шафиғи, рахматуллахи ғәлейхи, Алла Тағаланың осы дүниені неге теңегенін біледі, нақты көзі жетеді. Сол уақытта дәл тәпсірін біледі былайша айтқанда.

"Мәтәғул ғурурдың" не екенін біліп отырсыздар ма? Анау әйел кісінің етеккірі келеді ғой, сол етеккірі келген уақытта етеккірін сүртеді ғой жаман бір маталармен, жаман бір мақталармен, соны сүртетін мақтаны сол уақытта арабтар "мәтәғул ғурур" деп атайды екен. Көрдіңіздер ме Алла Тағала дүниені қаншалықты төмен нәрсеген теңеп отыр? "Мәтәғул ғурур" деп отыр дүниені.

Жаңағы құдайсыздар үшін, құмарлығының құлы болғандар, атеисттер дейміз бе болмаса пасықтар дейміз бе оларды, айтаберіңіз оларға көп атаулар келе береді. Олар үшін бұл дүние тек қана. Осы дүниеде ғана ішіп жеу керек, осы дүниеде ғана рахатқа бату керек, осы дүниеде ғана көлікке міну керек, осы дүниеде ғана сансыз үйлерді бірнен соң бірін алу керек, банктегі шотты көбейту керек. Себебі неде? сол "мәтәғул ғурурды" ғана ойлайды, сонымен шектеледі. Ал бірақ Ислам бізге ақиқат ол емес дейді, ақиқаты адам баласы мәңгі өмір сүреді дейді. Адам баласы мәңгі өмір сүреді, бұл алдамшы ғана өмір сынақ өмірі, сен осы сынақ өмірінде емтиханды қалай тапсырасың, нені егесің, ертең ақирет өмірі деген бар, екінші мәңгі деген өмір бар. Сол мәңгі өмірде емтиханның бағасының жемісін көресің.

Мәңгі өмірде не бар? Екі ғана орын бар, үшінші орын жоқ. Үшінші орын тек сол екеуінің қайсысына барам деп отырады. Қазіргі былайша аэропорттарда вокзалдарда айтамыз ғой күту залы деп сол ғана, "асхабу ағраф" дейді оларды. Яғни, оларға қатысты жәннатқа, не тозаққа ма үкім шыққанша күтетін орын, сол ғана үшінші орын. Демек екі орын, біріншісі жәннат, екіншісі тозақ. Алла тозақтан бізді сақтасын!

Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай
Дайындаған: darulahnaf.com




Комментариев нет