Пәтуәлар

Кәпірдің тозақта мәңгі қалуы әділетті ме?


Сұрақ: 

Күпірлікте 80 жыл өмір сүрген адамның тозақты мәңгі қалатыны әділетті ме?

Жауап: 

Біздің Әһли Сунна уәл Жамаға ақидасы бойынша мұсылман болмаған кәпір адам қанша уақыт өмір сүрсе де, мейлі жүз тіпті жүз жиырма жыл өмір болсын біз ол нәрсенің шектеулі екенін білеміз, және сонымен бірге адам күпірлік сенімінде болса, яғни басқа дінде христиан, яһуди, буддист болса немесе өзін атеист санаса, онда ол кәпір бола тұра өлімнен кейін және қиямет күнінен кейін ол мәңгі тозақта болады. Ол дүниеде шектеулі сексен жыл болып тозақтағы жазасы мәңгі болады, бұл әділетті ме деген сұрақ.

 Имам Әбу Мансур әл-Матуриди, рахимахулла, бұл сұраққа мынадай мағынада жауап берген. Адамдар тозаққа екі нәрсе үшін кіреді, бұл олардың (күпір) сенімі үшін немесе амалдары үшін. Амалдардың басы және соңы бар, кез келген істің басы мен соңы бар, мысалы адам арақ ішті яғни ол ішіп бастады кейін ішіп тауысты, мысалы адам зина жасады дәл солай бұл амалдың басталуы мен аяқталуы бар. Сондықтан тозаққа амалдары үшін түскен мұсылман ол жерден шығады, неге, өйткені амалдың бас және соңы бар. Ал сенім ол уақытпен сипатталмайды, өйткені адам қанша өмір сүрсе де ол сол сенімде болар еді. Мысалға егер адам сексен, жүз жыл емес, дүниенің жаратылысынан оның соңына дейін өмір сүрсе де ол сол сенімде болар еді.

 Имам Матуриди жауабының мән мағынасы, адамның күнә ісі мен амалының басы және соңы бар. Сондықтан мұсылман адам күпір сенімінде болмай тозаққа күнә үшін түссе ол ақыры сол жерден шығады, яғни күнәсі үшін оның тозақта болуынының соңы бар. Ал сенім мәселесі олай емес ол уақытпен байланысты емес. Сол себептен тозақта мәңгі болу жазасында әділетсіздік жоқ.

 Және тағы бір нәрсе Алла Тағаланың үкімдері оның қадары мүлдем әділетсіздікпен сипатталмайды. Әділетсіздік деген не? Алдымен бұл саған тиесілі болмаған біреудің затын басқару, мысалға: сен көршіңнің үйіне кіріп дүниесін қиратсаң, немесе басқа бір затын өзгертсең бұл әділетсіздік болады. Неге, өйткені сен саған тиесілі болмаған біреудің нәрсесін басқарып отырсың. Барлық жаратылыс, барлық әлемдер, біз барлық адамдар Алла Тағалынікіміз және Оның басқаруында болғандықтан Алла Тағаланың бізге осы дүниеге қатысты үкімдері әділетсіз болмайды.

 Ұстаз Ахмад Әбу Яхья әл-Ханафи 

Дереккөз: garib.ru 
Аударған: darulahnaf.com

Комментариев нет