Пәтуәлар

Махрдың құнын қалай есептейді?


 Сұрақ: 

 Некеге дейін махрды қалай анықтау керектігі жайында түсіндіре аласыз ба?

 Жауап: 

 Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын. Әс-сәләму әлейкум уә рахмәтуллаһи уә бәракәтуһ.

 Махр (немесе садак) – бұл неке кезінде күйеуінің әйліне беретін той сыйлығы. Атап кетерлік жайт, махр - некенің қиылу кезінде берілуі керек, әйткенмен, күйеуі әйелімен ақылдаса келе, кейінірек беруіне де болады. Сахабалар (Алла оларға разы болсын) әдетте махрды некелесуге дейін берген. Егер күйеуі махрды толық мөлшерде беруіне қауқары жетпейтін болса, ол махрдың белгілі бір мөлшерін неке кезінде бергені абзал, ал қалған бөлігі әйеліне беретін қарызы болып жазылады. Махр қалындықтың құқығы болғандықтан, махрды төлеу мерзімін ұзартуға қалындықтың рұқсаты керек [1]. 

 Фақихтар махрды төрт түрге бөлген.

 Махрдың ең аз мөлшері: Ханафи мәзхабы бойынша, ең аз мөлшердегі махр 10 дирхамға тең немесе бағасы 10 дирхамға тең келетін басқа да заттар [2]. 

 Махрдың ең жоғарғы құны- анықталмаған (яғни махрдың ең жоғарғы құнының өлшемі жоқ). 

Мисіл махры:
 Мисіл махры – бұл сол отбасындағы әйел адамдар алатын махрдың стандарттық мөлшері. Мисіл махрын анықтау үшін, осы отбасының әкесі жағынан қалындықтың: жас мөлшері, сұлулығы, қыз пәктігінің болуы және басқада ұқсастығы бар әйелдердің махрды қанша мөлшерде алып жатқанын ескере отырып, орнататын махрдың мөлшері. Бұның мәнісі, стандарттық махр орнату үшін, осыған іспеттес жағдайды табу керек. Оған қоса, күйеу жігіт пен қалыңдықтың барлық жағынан жағдайлары ұқсас болғаны абзал [3].

Фатиманың махры:
 Фатиманың махры – Бұл Пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүйікті қызы Фатима әз-Зуһра (Алла оған разы болсын) үшін келісіп берілген махр мөлшері. Махрдың құны қанша болғандығы жайында біраз келіспеушіліктер бар. Бір пікір бойынша, оның махры 400 күміс мисқалына тең болған [4], басқа риуаяттар бойынша, 480 мисқалға тең болған [5]. Қазіргі фақихтердың пікірінше екінші пікір сенімдірек [6].

 Ескерту: Неке қию кезінде “Фатиманың махрын” төлеуге кеңес беріледі.

 Алла елшісінің (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдерінің махры: Фақихтар тағы бір махрдың мөлшерін келтіреді – бұл Алла елшісінің (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өз әйелдеріне берген (әзуәж) махры . Ол 500 күміс дирхеміне тең. 

Бүгінгі күнінде берілетін махр:

 Махрдың түрі:
Ең аз мөлшердегі махр
Фатиманың махры
әзуәж махры

 Дирхамы: 10; 480; 500
 Граммы: 30,6152 гр; 1469,5284 гр; 1530,7600 гр
 Троя унция: 0,9843; 47,2460; 49,2150

 Троя унциямен негіздеп махрдың мөлшерін есептеуіңізге болады.

 Алла Тағала жақсырақ білуші. 

 Муфтий Файсал ибн Абдул-Хамид әл-Махмуди



 1وذلك لأن العادة عندهم تعجيل بعض المهر قبل الدخول حتى ذهب بعض العلماء إلى أنه لا يدخل بها حتى يقدم شيئا لها تمسكا «بمنعه - صلى الله عليه وسلم - عليا أن يدخل بفاطمة - رضي الله عنها - حتى يعطيها شيئا فقال يا رسول الله ليس لي شيء فقال أعطها درعك فأعطاها درعه» رواه أبو داود والنسائي، ومعلوم أن الصداق كان أربعمائة درهم وهي فضة، لكن المختار الجواز قبله لما روت «عائشة - رضي الله تعالى عنها - قالت أمرني رسول الله - صلى الله عليه وسلم - أن أدخل امرأة على زوجها قبل أن يعطيها شيئا» رواه أبو داود فيحمل المنع المذكور على الندب؛ أي ندب تقديم شيء إدخالا للمسرة عليها تألفا لقلبها وإذا كان ذلك معهودا وجب حمل ما خالف ما رويناه عليه جمعا بين الأحاديث.(الدر المختار وحاشية ابن عابدين(رد المحتار) (3/ 101))

 2 (المهر أقله عشرة دراهم، أو ما قيمته عشرة دراهم. ولا يجوز أن يكون إلا مالا) … والنبي - عليه الصلاة والسلام - فسره بالعشرة، فقال فيما رواه عنه جابر وعبد الله بن عمر: «لا مهر أقل من عشرة دراهم»(الاختيار لتعليل المختار (3/ 101)) “وأقل المهر عشرة دراهم“…” ولا مهر أقل من عشرة ” ولأنه حق الشرع وجوبا إظهارا لشرف المحل فيتقدر بماله خطر وهو العشرة استدلالا بنصاب السرقة.(الهداية في شرح بداية المبتدي (1/ 198))

 3(و) الحرة (مهر مثلها) الشرعي (مهر مثلها) اللغوي: أي مهر امرأة تماثلها (من قوم أبيها) لا أمها … وتعتبر المماثلة في الأوصاف (وقت العقد سنا وجمالا ومالا وبلدا وعصرا وعقلا ودينا وبكارة وثيوبة وعفة وعلما وأدبا وكمال خلق) وعدم ولد.ويعتبر حال الزوج أيضا، ذكره الكمال (الدر المختار وحاشية ابن عابدين (رد المحتار) (3/ 137)) ومهر مثلها يعتبر بنساء عشيرة أبيها، فإن لم يوجد منهم مثل حالها فمن الأجانب، ويعتبر بامرأة هي مثلها في السن والحسن والبكارة والبلد والعصر والمال. فإن لم يوجد ذلك كله فالذي يوجد منه (الاختيار لتعليل المختار (3/ 108))

 4ذكر السيد الجمال الدين المحدث في روضة الأحباب: إن صداق فاطمة - رضي الله عنها - كان أربعمائة مثقال فضة، وكذا ذكره صاحب المواهب ولفظه أن النبي - صلى الله عليه وسلم - قال لعلي إن الله عز وجل أمرني أن أزوجك فاطمة على أربعمائة مثقال فضة (مرقاة المفاتيح شرح مشكاة المصابيح (5/ 2100))

 5وعن أنس قال: جاء أبو بكر ثم عمر يخطبان فاطمة إلى النبى- صلى الله عليه وسلم- فسكت ولم يرجع إليهما شيئا، فانطلقا إلى على يأمرانه بطلب ذلك. قال على: فنبهانى لأمر، فقمت أجر ردائى حتى أتيت النبى- صلى الله عليه وسلم-. فقلت:تزوجنى فاطمة؟ قال: «وعندك شىء» قلت: فرسى وبدنى «1» ، فقال: «أما فرسك فلا بد لك منها وأما بدنك فبعها» ، فبعتها بأربعمائة درهم وثمانين، فجئته بها، فوضعها فى حجره، فقبض منها قبضة (المواهب اللدنية بالمنح المحمدية (1/ 234))

 6 انظر احسن الفتاوي 5/31 و فتاوى دارالعلوم زكريا 6/626

 annisa-today.ru сайытынан

Комментариев нет