Пәтуәлар

"Мен Исламды ұлықтау үшін жаратылдым" - Абдулла ибн Зубәйр


"Мен Исламды ұлықтау үшін жаратылдым" - деп Абдулла ибн Зубәйр 7 жасында айтты, ал біз 20 жасымыз да не үшін жаратылғанымызды түсінбей жүрміз...

 Қазір 14-20 жас аралығындағы жастарды "тинейджер" деп атайды. "Тинейджер" сөзі - бұл батыстың заманауи термині, ол жастарды жауапкершілік сезімінен айыру үшін және жеңіл ойлайтындығынан себеп іздеу үшін енгізілген.

 Ал біздің даңқты тариxымыздың жастарына қараңыз:

 1. Усама ибн Зәйд, (Алла оған разы болсын) 18 жасында: Ұлы саxабалардың мысалға: Әбу Бәкір мен Омар (Алла оларға разы болсын) қатысуымен, ол мұсылмандар әскерінің көшбасшысы болды. Ол сол уақытта, жер бетіндегі ең мықты əскерге қарсы шықты.

 2. Абдурраxман ибн ән-Насир, (Алла оған разы болсын) 21 жасында: Ол алтын ғасырда өмір сүрді. Жаппай наразылық танытқандарды таныштандырды. Мұсылман мемлекетінің ең қуатты империя болу ушін, теңдесі жоқ ғылыми жаңғыртуды қолға алды. Тіпті еуропалық көшбасшылар оны құрметтеп, сыйлайтын еді.

 3. Са'ад ибн Әбу Уаққас,(Алла оған разы болсын) 17 жасында: Ол Алла жолында ең бірінші садағын шығарған, мұсылмандар кеңесінің 6 мүшесінің бірі болды. Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Са'адты нұсқап, былай дейтін: "Кімде сол сияқты бауыры бар болса, онда оны маған көрсетсін!"

 4. Әл-Аркам ибн Әбуль Аркам, (Алла оған разы болсын) 16 жасында: Өз үйін, Алла елшісінің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) үйі қылып қойды және бұл 13 жыл бойы жалғасты. 

 5. Тәлxә ибн УбәйдуЛлаһ әл-Ансари, (Алла оған разы болсын) 16 жасында: Уxуд шайқасында ол, Алла елшісіні (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) өлгенінше мүшриктерден қорғауға ант етіп және өз қолымен Пайғамбарымызды садақтан құтқарып қалды. Осыдан кейін оның қолы сал болып қалды, алайда ол Алла елшісін өзімен қорғап қалды.

 6. Әз-Зубәйр ибн әл-Аууам, (Алла оған разы болсын) 15 жасында: Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) көмекшісі болды, Алла жолында қылышын ең алғаш көтерді.

  7. Әмр ибн Кальсум, (Алла оған разы болсын) 15жасында: Тағлиб тайпасының көшбасшысы болды, ол жайлы: "Егер Ислам келмегенде, онда Тағлиб тайпасы адамдарды "жалмап" тастар еді."

  8. Муаз ибн Әмр ибн әл-Жәмуһ 13 жасында, Муааз ибн Афра 14 жасында, (Алла оларға разы болсын): Бәдір шайқасында Әбу Джаxилді өлтірді, сол уақытта ол мүшріктердін басшысы болған еді.

  9. Зәйд ибн Сәби, (оған Алла разы болсын) 13 жасында: Мұхаммед пайғамбардың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) хатшысы, Алладан келген уахилерді қағазға түсіруші болды. 17 түн бойы Иврит және Сирия тілдерін үйреніп, Пайғамбардың аудармашысы болды. Алланың Кітабын жаттап, Құран Кәрімді ретімен жүйеге келтіру үшін құрылған бірлестікке жетекшілік етті.

 10. Аттаб ибн Асид, (оған Алла разы болсын): Мұхаммед пайғамбар (Алланың Оған игілігі мен сәлемі болсын) оны Меккеге әкім етіп тағайындаған кезде, Аттаб ибн Асид 18 жаста болатын.

 11. Мұхаммед әл-Фатих, (оған Алла разы болсын) 21 жасында: Константинопольді жаулап алды. Мың жылдық тарихы бар Византия империясының тіршілігін тоқтатты.

 12. Мұхаммед ибн Юсуф ас-Сакафи, (оған Алла разы болсын) 17 жасында: Индия елін жеңді. Бұл уақытта ол ең мықты әскери командирлердің бірі болды.

 Мен мұсылмандар "тенейджер" терменің пайдалануды тоқтатады деген үміттемін, сондай-ақ, біздің ұлдарымыз жауапкершілік сезімі мен салмақтылықты бойына дарытады деген сенімдемін.


Дереккөз: Kun saeedan | كن سعيدا
Дайындаған: darulahnaf.com

Комментариев нет