Пәтуәлар

Егер Ислам мейірімділік дін болса, онда жаза түрлері неге тым қатаң?


Сұрақ: 
 Исламда таспен атып (тасборан) жазалау түрі бар. Егер Ислам мейірімділік дін болса, онда жаза түрлері неге тым қатаң?

 Жауап:
 بسم الله الرحمن الرحيم 

Ислам дінінде басқа діндер мен заңдарға қарағанда өз ерекшеліктері бар.
Бірінші басты ерекшелік:

 أولا - الشريعة من عند الله 
 Біздің шариғатымыз Алладан, яғни барлық Шариғат заңдарын Алла Тағала Өзі бекіткен. Бұл Шариғат қағидалары және оның заңдары әділетсіздіктерден, кемшіліктерден жырақ екенін білдіреді. Өйткені оны орнатушы - Алла Субханаһу уа Та´аля.

 يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا كُونُوا قَوَّامِينَ لِلَّهِ شُهَدَاءَ بِالْقِسْطِ ۖ وَلَا يَجْرِمَنَّكُمْ شَنَآنُ قَوْمٍ عَلَىٰ أَلَّا تَعْدِلُوا ۚ اعْدِلُوا هُوَ أَقْرَبُ لِلتَّقْوَىٰ ۖ وَاتَّقُوا اللَّهَ ۚ إِنَّ اللَّهَ خَبِيرٌ بِمَا تَعْمَلُونَ 
 "Ей, мүміндер! Алла үшін күәлікте туралық үстінде мықты тұрыңдар. Және бір елдің өшпенділігі сендерді әділетсіздікке тартпасын. Әділдік істеңдер. Сол тақуалыққа жақынырақ. Және Алладан қорқыңдар. Күдіксіз Алла не істегендеріңнен толық хабар алушы. (Мәида сүресі, 8-аят)

 Екінші ерекшелік:

 ثانيا - الجزاء في الشريعة دنيوي و أخروي 

 Шариғат заңдарының екінші ерекшелігі - онда сауап пен жаза бұл өмірде ғана емес, келесі өмірде де болады. Алла Тағала былай дейді:

 تِلْكَ حُدُودُ اللَّهِ ۚ وَمَنْ يُطِعِ اللَّهَ وَرَسُولَهُ يُدْخِلْهُ جَنَّاتٍ تَجْرِي مِنْ تَحْتِهَا الْأَنْهَارُ خَالِدِينَ فِيهَا ۚ وَذَٰلِكَ الْفَوْزُ الْعَظِيمُ ◇ وَمَنْ يَعْصِ اللَّهَ وَرَسُولَهُ وَيَتَعَدَّ حُدُودَهُ يُدْخِلْهُ نَارًا خَالِدًا فِيهَا وَلَهُ عَذَابٌ مُهِينٌ 
 "Бұлар Алланың қойған шектері. Кім Аллаға және Елшісіне бой ұсынса, астарынан өзендер ағатын бақшаларға кіргізіледі де, олар онда мәңгі қалады. Зор табыс осы. Ал кім Аллаға, Елшісіне қарсы келіп Оның шектерінен шықса Ол, ішінде мүлде қалатын отқа кіргізіледі, оған қорлаушы азап бар. (Ниса сүресі, 13-14)

 Үшінші ерекшелік:

 ثالثا - عموم الشريعة و بقاؤها 3. 

Шариғаттың үшінші ерекшелігі ол (шариғат) - жан жақты, əрі мəңгі. Ислам ол сондай дін, кез келген заманға жəне мекенге сай келеді. Жəне оны ешнəрсе өзгерте алмайды. Оның дәлелдерінің бірі - Шариғаттың принициптері جلب المصالح و درء المفاسد "пайда келтіру және зиянды қайтаруға" негізделген.

Шариғат əр үкімнің адамдарға пайдасы бар екенін түсіндіреді. Мысалы ішімдік пен құмар ойындарына тыйым салу туралы Алла Тағала:

 إِنَّمَا يُرِيدُ الشَّيْطَانُ أَنْ يُوقِعَ بَيْنَكُمُ الْعَدَاوَةَ وَالْبَغْضَاءَ فِي الْخَمْرِ وَالْمَيْسِرِ وَيَصُدَّكُمْ عَنْ ذِكْرِ اللَّهِ وَعَنِ الصَّلَاةِ ۖ فَهَلْ أَنْتُمْ مُنْتَهُونَ 
"Негізінен шайтан, арақта, құмарда араларыңа дұшпандық әрі кек салып, Алланы еске алудан және намаздан тосуды қалайды. Ал сонда да тыйылмайсыңдар ма?!" (Мәида сүресі, 91 аят) 

Шариғаттың ерекшеліктері туралы көп мысалдар келтіріп, ол туралы айта беруге болады, бірақтан жоғарыда айтылғанның бәрі сіздің сұрағыңызға жауап берудің дайындығы еді. Ал енді сұрақтың өзіне тоқталайық. Жоғарыда айтқанымдай Шариғаттың басты қағидалары "пайданы келтіру мен зиянды қайтару" болып табылады. Зинақорды таспен атуда үлкен пайда мен зиянды қайтару бар. Біріншіден, зинақор көптеген адамдарды азғырып, көбі күнәға батуы мүмкін. Және бұл істің өзі Ислам болмысына жат. Екіншіден, (АҚТҚ, ЖҚТБ т.б.) ауру түрлерінің таратылуы Үшіншіден, генеалогияның бұзылуы. Төртіншіден, үйлердің қаңырауы, ешкімде үйленуге ниет болмайды және тағы сол сияқты мəселелер. Осының бәрі бес минуттық ләззатпен салыстырған да, үлкен мәселе болып саналады. Сондықтан адамдардың арын кірлеткісі келіп, қоғамда әдепсіздік таралуын қалаған басқа азғандарды біреуін жазалаумен ұстап қалу жақсырақ. Сондықтанда осындай қатаң жазалар бекітілген. Ислам тек тәртіпті қалайды, ал бұл қатаң бірақ тиімді жазасыз мүмкін емес. Өзіңіз білетіндей әлемде зина істеу салдарынан ажырасу, әр түрлі аурулар көбеюде. Бірақ ешкімді Шариғат бойынша жазаламайды. Ал Пайғамбарымыз (салаллаху әлейхи уә сәлләм) және Сахабалардың кезінде зина жасау сирек кездескен, себебі бұл заңдар іске асқан. Бірақтан біліңіз, айыпталушыны жазаламас бұрын, төрт куәгер алып келу керек. Ал егер куәгер болмаған жағдайда айыптаушыны арқасынан дүре соғу арқылы жазалайды. Осы жағдайда да мүміндерге пайда бар. Себебі, әркім ойланбастан басқаларға жала жаба бермейді. Немесе зинақор адам өз кінәсін мойындауы керек. Және бұның бәрі әділетті деп есептеймін.

 Ислам бейбітшіл дін, Алла Тағаланың заңдары сақталғаннан кейін.

 Əбу Хурейра əл-Ханафи 

Дереккөз: Kun saeedan | كن سعيدًا\
Дайындаған: darulahnaf.com

Комментариев нет