Пәтуәлар

Имам Әс-Саффарини Ибн Абдул-Уәххәб жайында


Өз заманындағы ханбалилердің Имамы, Хафиз Мухаммад ибн Ахмад Әс-Саффарини Әл-Ханбали, Ибн Абдул-Уәххәбтың замандасы және уаххабиліктің пайда болуы мен дамуының куәгері уаххабилердің имамы жайында жазады: 

 «Бұл ақымақтың сөздері - арбау және өз адасқан ағымының құрамына қосу. Сондай-ақ, бұның ойлары Марокко басшыларына қарсы шайқасқан Мухаммад ибн Абдулла ибн Тумартаның сандырақтарына ұқсас. Ол жайлы сөздер кең тараған және оның жағдайы тарихшыларға белгілі. Ол — «Әл-Муршида» (Тура жолға бағыттаушы) деп аталған ақиданың авторы мен ұстанушысы, ал шейхул-ислам Ибн Таймийя оны «Әл-Муғуия» (Тура жолдан адастырушы) деп атады. Ибн Таймийя ол және оның ақидасы жайында түсінтіруге ұзақ болатын дүниелерді айтты. Ибн Тумарт өзінің ерушілеріне төрт мәзхабтың қайсысына болса да еруден тыйды, құтылуға жолдарын жапты және құрдым мен арсыздықтың есіктерін ашып берді. Оларда харижизм мен бидғат пайда болды, бірақ оған бағынып, соңынан еретін Ибн Абдул-Уаххабтың харижизміне жете алмайды. Ибн Тумарт өзінің қате ақидасының негізіндегі қарулы күштерімен шыққанымен әйгілі. Алайда оның қарулы күш қолдануы мен оның қате сенімі Абдул-Уаххабтың кесірінен әлдеқайда аз. Оған қоса, бұл ақымақтың өмір жолы, бидғаттары және харижилік бүліктері азракиттердің басшысы Нафиа ибн Азрақаға қарулы күш көрсетуімен, бидғаттарымен және мұсылмандардың қанын төгумен, жанын, мүлкін, әйел, бала-шағасын адал етуімен ұқсайды.

 Кез-келген есі дұрыс ілім иесі мұның (Абдул-Уаххабтың істерінің) үш діннен де (ислам, иудаизм, христиандық) шығу екендігіне күмәнданбайды. Олардың құдайсыздығы, олардың бірігу факторы және бөлінуге негіздері екіжүзділіктің түрлерін көрсетеді (зандақа). Уа егер де мен оның — Ибн Абдул-Уаххабтың — дініміздегі әуелгі және соңғы ғұламаларымыздың барлығы келіскен еруге (тақлид) тыйым салғанын, сонымен бірге өзінің діннен шыққан соңынан ерушілеріне және тура жолдан тайған шайтандарына өзіне тақлид жасап, дінде өзіне еруге рұқсат бергендігін білсем ғой! Олардың бәрі, еркектер мен әйелдер, айтады: «Шейх мынаны бұйырды, мынаған тыйым салды, мынаған рұқсат берді және өзімен келіспейтіндерді күпірлікте айыптады».

 Ал ол — Ибн Абдул-Уаххаб — өзінің адасуына ермейтіннің қанына рұқсат берді. Онымен қоса, олардың барлығы немесе басым көпшілігі шариғатты білмейтін, (тура) жолдан хабарсыз қарапайым адамдар. Керісінше олар — көпшіліктің арасында ең надандары әрі ең дөрекі және мәдениетсіз шетқақпай тұлғалары. Қалайша оның және олардың басына, оның ижтихад жасай алмайтынын біле тұра, оған соқыр тақлид жасау ойына келді? Ол алғашқы және соңғы (ғалымдар) келіскендерге еруге (тақлид) тыйым салды. Керісінше, қазір ерекше жердің әр бұрышында төрт имамның біреуіне еру қажет. Кім (төрт мәзхабтың біреуіне) еруге тыйым салса, ол бидғатшы, оған қоса еретик. Ұлы, Құдіретті Алладан басқа ешкімде күш-қуат жоқ». 

Әс-Саффарини «Әл-Ажуибату-н-нәждийя ән асъиляти-н-нәждийя» (Неждиядағы сұрақтарға Неждиялық жауаптар), 128-129 беттер. 



Дереккөз: muntaqa.info
Аударған: darulahnaf.com

Комментариев нет